Павлодар облысында пастереллезден қырылған мал үшін өтемақы төленеді

1066

Павлодар облысында пастереллезден қырылған мал үшін өтемақы төленеді

Павлодар облысының Тай ауылында малдары пастереллезден қырылған тұрғындарға өтемақы төленеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов мәлім етті.

"Елді мекендегі ірі қара пастереллез ауруын жұқтырған. Бүгінге дейін 67 тана-баспақ қырылған. Ауыл тұрғындары малдың аузынан ақ көбік ағып, өлуіне аусыл індеті себеп болған деп жар салған болатын. Кеше арнайы сараптама нәтижесін қолымызға алдық. Ірі қара пастереллез ауруына шалдыққан. Карантин жарияланбаған.  Бірақ тұрғындарға сиыр сүтін қайнатып, етін дұрыс пісіріп пайданалуға кеңес береміз. Кейбір бұзаулар  сауығып жатыр. Екібастұз ауылдық округі әкімінің шешімінен соң арнайы комиссия құрылып, қырылған мал үшін өтемақы міндетті түрде төленеді", – деп Қайыржан Байжанов  сабырға шақыруда.

Еске сала кетейік, Тай ауылында  белгісіз дерттен  ірі қара өліп қалған. Оның басым бөлігі "Гриценко" шаруа қожалығына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу