Павлодар облысында перзентханада 1238 сәбиді балабақшаға тіркеді

941

Павлодар облысында перзентханада 1238 сәбиді балабақшаға тіркеді

Павлодар облысында композиттік қызмет түрін 1238 әйел пайдаланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК-ның Павлодар облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің директоры Рысты Канаева мәлім етті.

"Дүниеге сәби әкелген ана бірден  бір жасқа дейінгі мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алуға, мемлекеттік сақтандыруға және баланы мектепге дейінгі мекемеге тізімге қою үшін банк есепшоты мен бір ғана өтініш  арқылы шаруасын тындыра алады. Мұндай қызмет түрі 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап енгізілген. Жалпы, өңір бойынша композитті қызмет түрін 1710 адам пайдаланған", – дейді Рысты Канаева.

Департамент басшылығының айтуынша, мемлекеттік корпорация алдында бір өтініш негізінде барлық қажет кешенді қызмет түрін алу міндеті жүктелген. Бүгінгі таңда аталмыш қызметті енгізу нәтижесінде бұл процесстер айтарлықтай жеңілдеген. Мәселен, жұмыспен қамту орталығына жүгінген тұрғындар бір мезетте бірнеше қызмет түрін ала алады. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжат, банк есепшоты болуы керек. Қалған ақпаратты орындаушы мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесінен немесе электронды үкімет шлюзінен алады.

Айта кетерлігі, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау да композиттік қызмет түріне жатады. Яғни, тұрғындар медициналық-әлеуметтік мекемеге барып, сол жерде мүмкіндігі шектеулі жан ретінде тізімге алынады. Бұған дейін анықтама алу үшін емханаға дәрігерге, мекенжай анықтамасын алуға халыққа қызмет көрсету орталығына және банкке бару керек болатын.

Былтыр Павлодар облысы бойынша бала тууы үшін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы 12 881 анаға төленген. Ал, 2017 жылдың бірінші тоқсанында мұндай жәрдемақы 2946 анаға  тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінде бала туу үшін жәрдемақы 20%-ға артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу