Павлодар облысында пойыз төрт жылқыны қағып кетті

269

Жыл басынан еліміздің темір жолдарында 369 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді.

Павлодар облысында пойыз төрт жылқыны қағып кетті Фото: canva.com

Оқиға Жұмыскер-Көктөбе станцияларының аралығында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 464 фактісі тіркелді. Еліміздің темір жолдарында 369 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді, оның ішінде 222 басы – жылқы, 44 басы – ірі қара, 76-сы – ұсақ мал және басқалары.

"Павлодар облысы Жұмыскер-Көктөбе станцияларының аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды. Соқтығысу нәтижесінде төрт жылқыны қағып кетті", – деп жазылған хабарламада. 

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 29 минутты құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу