Павлодар облысында прокурорлар инвесторға 18 млн теңге берешекті өндіріп алуға көмектесті

229

Успен ауданының прокуратурасына КХ "Бик" сот шешімімен өндіріп алынуға тиіс материалдық шығынның өтелмеуіне байланысты жүгінген.  

Павлодар облысында прокурорлар инвесторға 18 млн теңге берешекті өндіріп алуға көмектесті Фото: polisia.kz

Аталған қаражат сүт фермасын салу жөніндегі инвестициялық жоба аясында ірі қара мал сатып алуға қажет болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Инвестордың уәждерін зерделеп, прокуратура сот актісінің орындалмауына байланысты Қылмыстық кодекстің 430-бабының 3-бөлігі бойынша істі СДТБТ АЖ-не тіркеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берешек толық өтелді. Фермер инвестициялық жобасын жалғастырып, 20 жұмыс орнын ашты. 

Бұл ауданның аграрлық секторын дамытуға және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу