Павлодар облысында "резеңкелі" пәтерлердің иелері жазаланды

Олар бір пәтерге 15-тен астам адамды тіркеген.

Павлодар облысында "резеңкелі" пәтерлердің иелері жазаланды Фото: canva

Өңірдегі полиция қызметкерлері пәтерлерде тіркеуде тұрған және керісінше мүлде тіркелмеген азаматтарды тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Нәтижесінде бірнеше пәтер иесі баспанасын "созылмалы" үйге айналдырғаны анықталды. Олар аядай ғана жерге бірден көп адамды тіркеп қойған. 

"Көші-қон қызметінің бөлімдері мен қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлері көп азамат тіркелген мекенжайларды анықтап, тексерді. Соның барысында бір мекенжайға 15 және одан да көп адам тіркелген 8 пәтердің иесі жауапқа тартылды", – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов. 

Сонымен қатар, жалған тіркеудің 37 фактісі анықталды. Сол пәтерде тұрмайтын адамдарды тіркеуге қойған баспана иелері де айыппұл арқалады. Ал тіркелген мекенжайында тұрмайтын 96 адам есептен шығарылды. Олардың қатарында 19 шетелдік бар. 

Азаматтарды өз пәтерінде тіркеуге қою арқылы табыс таппақ болған екі адамның әрекетінің де жолы кесілді. Ал 257 адам тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін жауапқа тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу