Павлодар облысында оқушылар робот жинаудан жарысты

1095

Павлодар облысында оқушылар робот жинаудан жарысты

Павлодар облысы Қашыр ауданындағы №3 мектеп базасында 5-10 сынып оқушыларына арналған "RoboStroy" бірінші аудандық робот техникасы фестивалі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.

Жарысқа алты команда, 30 қатысушы қатысты. Фестиваль үш кезеңде өтті: бірінші - "Бір түзумен жүр", екінші - "Сумо" күресі", үшінші - "Роботтарды жина".

"Көпшілігіміздің түсінігімізде роботты техника - ғылым мен фантастиканың бағыты, мүмкін, сол себептен де роботпен байланыстының бәрі балалардың қызығушылығын туғызады. Маңыздысы, робототехника басқа мектеп пәндері дамытпайтын, оқушылардың механикалық қабілеттерін арттыруға қызмет етеді", - дейді қазылар алқасының мүшесі, Ынталы мектебінің информатика мұғалімі А.М. Құсмиденов.

Фестиваль нәтижесінде "Бір түзумен жүр" номинациясында бірінші орынды Песчан №1 жалпы орта білім беру мектебінің (ЖОМ) оқушысы Михаил Колосов, екінші орынды Александр Никифоров иеленсе, үшінші орынға Качир №1 ЖОМ оқушылары Алина Маковец, Александр Агапитов лайық деп танылды.

"Сумо" номинациясында Песчан №1 мектебінен Виктория Григорчук, Качир №1 мектебінен Иван Демидюк, Влад Елгин көш бастады. Ал, "Роботты жина" номинациясында Качир №3 ЖОМ оқушылары Шыңғыс Түгелбай, Иса Рамазан жеңіске жетті. Екінші орынға Береговой білім ордасынан Расул Қасан, Эльдар Жантеміров лайық деп танылды. "Creative proekt" шығармашылық жобасында түрлі номинациялар бойынша Качир №3 ЖОМ, Песчан №2 ЖОМ, Береговой ЖОМ командалары көзге түсті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу