Павлодар облысында Сенат сайлауына 170 таңдаушы қатысты

Өңірде барлығы 187 депутат бар. 

Павлодар облысында Сенат сайлауына 170 таңдаушы қатысты

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Сенатының 20 депутатын сайлау өтуде. Жоғары палатаға әр өңірден бір өкіл таңдалады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бірлескен жиынға  өңірдегі барлық деңгейлі 14 мәслихаттың депутаттары қатысты. Жалпы аймақта 187 депутат бар. Бүгінгі саяси науқанға олардың 170-сі жиналды. 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, Аққулы, Тереңкөл және Май аудандық мәслихаттарының депутаттары облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Әйткеновтің кандидатурасын ұсынды. Ал облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова, Успен ауданының әкімі Николай Дычко, Железин аудандық мәслихатының хатшысы Полина Лампартер және Трамвай басқармасының директоры Мүслім Махмудов өз кандидатураларын ұсынды. 

Орталық сайлау комиссиясы соңғы екі үміткердің өтінішін кері қайтарып, алғашқы үшеуін тіркеді. Бірақ 9 қаңтарда Николай Дычко сайлауға қатысудан бас тартты. 

Сөйтіп, бюллетеньге Ернұр Әйткенов пен Динара Айтжанованың ғана есімдері енгізілді. Таңдаушылардың қатарында 148 депутат Ернұр Әйткеновті, 21 депутат Динара Айтжанованы қолдады. Бір депутат "Барлығына қарсымын" деген жолаққа белгі қойды. 

Ендігі ретте сайлау нәтижесі Орталық сайлау комиссиясына беріліп, кейін тіркеуден өтеді. 

Құндыз Қабылденова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу