Павлодар облысында шала туған нәрестелерге тікұшақ жіберілді

507

Кішкентай пациенттерді құтқару үшін тікұшақ әуеге төрт рет көтерілді. 

Павлодар облысында шала туған нәрестелерге тікұшақ жіберілді Фото: pavlodarnews.kz

4 тәулік ішінде Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін медициналық авиация бригадалары тікұшақпен төрт ұшу, бес шығу орындады, деп жазады inbusiness.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, екібастұздық жаңа туған сәби авиациялық көмекті қажет еткен. Оған ІІ және ІІІ дәрежелі туа біткен пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Салмағы 1,5 және 1,7 келі болатын екі шала туған бала кеншілер қаласынан Павлодарға әуе көлігі арқылы жеткізілді. Ал, отадан кейін жаңа туған нәресте аудандық ауруханада қалып, оның 32 жастағы анасы облыс орталығындағы қалалық аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жолданған. 

Медициналық авиация тікұшақпен ми қан айналымының жіті бұзылуы бар 53 жастағы ер адамды Ақсудан облыстық орталыққа жеткізді. Сондай-ақ, миокард инфарктісіне шалдыққан науқастарға (соның ішінде ауылдық жерден де бар) да екі рет авиациялық көмек қажет болды. 

Тағы бір сапарды медициналық авиация қызметкерлері реанимобильмен 3 сәуір күні Екібастұзға орындады. Жұлын жарақаты, протрузия және жұлын дискісінің грыжасы диагнозы қойылған науқас көмекті қажет еткен. Пациент № 1 Павлодар қалалық ауруханасы мамандарының бақылауына алынды. 

Медициналық авиация меңгерушісі Алмагүл Бейсембинова барлық жедел жәрдем қызметі әрбір өтінімге жедел жауап беретінін атап өтті. Өз кезегінде  дәрігерлер үнемі оқытудан өтеді, деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу