Павлодар облысында шаруа қожалығының 170 тонна шөбі күлге айналды

918

Павлодар облысында шаруа қожалығының 170 тонна шөбі күлге айналды

Павлодар облысында "Надежда" шаруа қожалығының аумағында 170 тоннадай шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

"Өрт 5 желтоқсан күні түнде болды. Шаруашылықтың буылып-түйілген шөбі өртенді", – делінеді дүйсенбіде таратылған хабарламада.

Алдын ала ақпар бойынша, өрт аумағы 600 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу