Павлодар облысында шаруаларға арзандатылған жанармай берілуі мүмкін

897

Өңір басшысы аймақта жем-шөп мәселесін шешу үшін қарастырылып жатқан шаралар туралы айтты.  

Павлодар облысында шаруаларға арзандатылған жанармай берілуі мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов биылғы фермерлер үшін ең өзекті тақырып туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша жағдайдың алдын алу үшін бірнеше ауданда жайылымдық жерлер ұлғайтылған. 

"Өңір мамандары Май ауданында шөп жағынан тапшылық болмайтынын айтып отыр. Ал Баянауыл ауданында шөп маусымы шілде, тамыз айларында басталады. Мәселені шешу үшін облыс деңгейінде қандай шараларлар қабылданды? Біріншіден, өңірде жалпы ауданы 300 гектар жайылымдық алқап бар. Биыл оны 10% ұлғайтып, тағы 38 мың гектар жер қосылды", – деді облыс әкімі. 

Бұған қоса өңір басшысы қуаңшылық болуы мүмкін аудандарда қабылданған шараларға тоқталды. Мәселен, шаруаларға науқан басталған кезде арзандатылған жанармай беру мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді.

"Бұл мақсатта орталық құзыретті органдармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Арзандатылған жанармайды шаруашылықтарға жеткізу бойынша мәселе шешіледі деп сенеміз. Ал тауарлы фермалардан бөлек шаруашылық құрылымдарға жем-шөп субсидиясын беру мәселесі бөлек тақырып. Оның өз ережелері бар және оған Ауыл шаруашылығы министрлігі жауапты", деді Әбілқайыр Сқақов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу