Павлодар облысында су тасқыны теміржолды қиратты

890

Павлодар облысында су тасқыны теміржолды қиратты

Павлодар облысының Май, Баянауыл және Екібастұз аудандарында су тасқыны бірқатар жолды шайып кетті. Олардың қатарында республикалық маңыздағы тас-жолдар бар, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ Май ауданындағы "Дегелең-Курчатов" теміржолының 197-шақырымын су шайып кетті. Апатты аймақтарға қосымша күш құрылымдары жұмылдырылған. Қазір қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.

Елдімекендердің зардап шеккені туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар тасыған су деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу