Павлодар облысының Ақтоғай ауданында суицид жасамақ болған ер адамды тәртіп сақшысы аман алып қалды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 8 қараша күні сағат 11.16-да аудандағы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қуаныш Қабдрахманов үйлердің бірінің ауласында мойын тұсынан пышақ сұғып, суицид жұмсамақ болған ер адамды көрген.
"Көмекке жеткен тәртіп сақшысы бірден оның пышағын алып, жедел жәрдем шақырған. Ауыл тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Қуаныш Қабдрахмановтың іс-әрекеті туралы полиция басшылығы ауыл тұрғынының туысынан білді. Ол полиция басшылығына жазған бейнеөтініште тәртіп сақшысына алғыс білдірген болатын.