Павлодар облысында суырларды аулау маусымы ашылды

834

Өңірде суырларды аулау мерзімі 2022 жылғы 1 шілдеден бастап жануарлар ұйқыға жатқанға дейін рұқсат етіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz @Pavlodarnews.kz.-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында суырларды аулау маусымы ашылды

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы №211 бұйрығымен аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алу 2022 жылғы 1 шілдедегі кезеңге арналған лимиттері бекітілді (2023 жылғы 15 ақпанды қоса алғанда).

– Павлодар облысының аумағында байбақ суырын аулау кәсіпшілік болып табылады. Баянауыл ауданында орналасқан "Южное", "Жаңа жол" және "Ұзынбұлақ" аңшылық шаруашылықтарында және Екібастұз қаласының жерлерінде орналасқан "Екібастұз" аңшылық шаруашылығында 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ашылды, – дейді инспекцияда. 

 Аңшылық шаруашылығы субъектісінің өтінімі бойынша 2022 жылы суырларды аулауға квота 1 600 басты құрады. 

2021 жылғы мәліметтер бойынша, ареал аймақтағы суырлардың жалпы саны 112 мың. Суырларды аулауға жолдамаларды сатуды "Павлодар аңшылар мен балықшылар қоғамы" қоғамдық бірлестігі жүргізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу