Павлодар облысында сыйымдылығы 37 мың тонна элеватор салынып жатыр

1074

Өңір әкімі Болат Бақауов есеп берді.

Павлодар облысында сыйымдылығы 37 мың тонна элеватор салынып жатыр

Мемлекеттің қолдауының арқасында инвестициялар көлемі 1,6 есе артып, көрсеткіш 15 миллиард теңгеден асып түсті. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Өңірде 35 аграрлық жоба жүзеге асырылды. Егер, ірі жобалар туралы айтатын болсақ, Group KSM ЖШС сыйымдылығы 37 мың тоннаны құрайтын элеватордың құрылысын жүргізіп жатыр, "Гринланд" ЖШС күнбағыс майын өндіретін зауыт, ал, "Андас" ШҚ 20 мың тонналық көкөніс қоймасын салып жатыр", - деді Болат Бақауов.  

Сонымен бірге, облыста 11 мың бас малға арналған үш бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. 720 бас малға арналған екі сүтті-тауарлы ферманың құрылысы аяқталды ("Сергей" ШҚ және "Киров" ЖШС), тағы үш СТФ-ың құрылысы аяқталып жатыр ("Пахарь" ШҚ" ЖШС, "Луганск" ӨК және  "Галицкое" ЖШС).

Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуының негізін суармалы алқаптар құрайды. Биылғы жылы 4 мың га суармалы алқаптар іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу