Павлодар облысында тағы бір демалыс орны ашылады

1171

Павлодар облысында тағы бір демалыс орны ашылады

Шарбақты ауданында 24-маусым күні "Маралды" демалыс орнының ашылуы өтеді. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сүйеніп, pavlodarnews.kz хабарлайды.

"Егер сіз жаздың келгеніне әлі күмәнданатын болсаңыз, онда өңіріміздің ең әйгілі демалыс орынына келіп, көз жеткізетін уақыт келді. Маралдыда әрдайым тамаша. Жыл сайын мұнда мыңдаған туристер демалуға келіп,   қызықты оқиғаларды бастарынан өткереді. Жаз кезінде Маралдыдағы тірлік бір минутқа да тоқтамайды. Шуақты күн мен шетсіз, шексіз теңіз... көптеген концерттер, фестивальдер. Өзіміздің  Маралды тұрғанда алыс теңіздерге барудың қажеті қанша?" – деп қызықтыруда ведомствода.

Еске салайық, ащы-тұзды Маралды көлі суының ерекше құрамымен және шипалы балықтарымен танымал. "Рухани жаңыру" сараптамалық тобының бір отырысында мәдениет, спорт  және ақпарат жұмыскерлері  кәсіподағының жетекшісі Алма Қозыбаева биыл "Маралды" демалыс орынына инвестор миллиардқа жуық теңге жұмсауды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Оның 300 миллион теңгесі – аквапаркті жабдықтауға, дәмхана, мейрамхана, сауна мен бассейннің құрылысына жұмсалмақ.

Алдағы уақытта демалушылар үшін балаларға арналған бассейн және кеңейтілген жағажай, жаңа пирс, балалар аттракционы мен ойын алаңдары, арқалығы бар орындықтар және төсектер жасалады. Болашақта емделу орыны мен қонақ үйдің құрылысы  қолға алынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу