Павлодар облысында тағы бірнеше үй жылусыз қалды

Бұл жолы облыс орталығындағы желілерден ақау шықты. 

Павлодар облысында тағы бірнеше үй жылусыз қалды Фото: Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Таяуда ғана Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны сол еді, бүгін Павлодардағы құбырлар жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Кеше кешкі уақытта жылу желісінен ақау шықты. Соның салдарынан қаланың шеткі ауданындағы 58 жеке және 5 көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылды. 

Павлодар қалалық баспасөз қызметінің мәліметінше, "Павлодар жылу желілері" ЖШС мамандары бүгін таңертең жөндеу жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта жұмыс әлі жалғасып жатыр. 

Жергілікті билік мәселені жіті бақылауға алғанын хабарлады. Алайда жылудың үйлерге қайта қашан берілері әзірше белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу