Павлодар облысында тарауық намазынан соң тегін автобустар жүреді

Олар тұрғындарды шағын аудандарға жеткізеді. 

Павлодар облысында тарауық намазынан соң тегін автобустар жүреді Фото: mazhab.kz

Ертеңнен бастап облыс орталығындағы мешітке тарауық намазын оқуға келген ағайынды автобустар тегін тасымалдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлының айтуныша, жамағат үшін қарастырылған тегін көлік үш бағытқа көлік қатынайды. Автобустар Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінен Химқалашық, Дачный және екінші Павлодар шағын аудандарына жүреді.

"Тарауық намазы еліміздің барлық мешіттерінде 28 ақпан күні басталады. Яғни, күнделікті болатын құптан намазынан кейін оқылады. Тарауық намазы 20 рәкағаттан тұрады.  Биыл пітір садақасының мөлшері 655 теңге болды. Пітір садақасын кімге беруді адамдардың өздері шешеді. Жамағаттың кейбірі мешітке салса, кейбірі өздерінің таныс-туыстарына беріп жатады. Маңыздысы – шынымен жағдайы төмен, мұқтаж адамға берілуі керек",  деп түсіндірді өкіл имам. 

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Сол айдың 26-нан 27-не өтетін түн Қадір түні болады. Биыл мұсылман қауым 29 күн ораза ұстайды. Оразаның айты – 30 наурызда. Тарауық намазы 28 ақпанда басталып, 28 наурызда аяқталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу