Павлодар облысында 815 жол ережесін бұзу дерегі анықталды

380

Тексеру барысында мас күйінде және көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілер де болған.  

Павлодар облысында 815 жол ережесін бұзу дерегі анықталды Фото: thehypemagazine.com

Павлодар облысында жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 815 дерегі анықталды. Оның ішінде техникалық байқаудан өтпеген көлікті пайдалану, алкогольдік масаң күйде және көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отыру фактілері бар.

Сонымен қатар көліктерді заңсыз қайта жабдықтаудың 30 дерегі және қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 208 құқық бұзушылық тіркелді.

Барлық құқық бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Тексеру нәтижесінде бір көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция тасымалдаушылар мен барлық жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптары мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Себебі жолдағы қауіпсіздік азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу