Павлодар облысында тау шаңғысы курортын ашу жоспарлануда

1188

Павлодар облысында тау шаңғысы курортын ашу жоспарлануда

Баянауыл ауданында тау шаңғысы курорты пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Баянауыл ауданына жұмыс сапарымен келген Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовқа тау шаңғысы базасының жобасын көрсетті. Жоспарға сәйкес жаңа демалу орны Баянауыл ауылынан 20 шақырым жердегі Мырзашоқы тауында орналасады.
Биіктігі бір шақырымды құрайтын тауда сырғанайтын 800 метрлік арнайы жол салынған. Қазірдің өзінде осында аудан тұрғындары келіп демалуда. Десе де, облыс басшысы бұл маңайға инфрақұрылымдарды тарту жұмысы тым қымбатқа түсетінін айтып, басқа ыңғайлы жерді қарастыруды тапсырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу