Павлодар облысында тазартылған май зауыты ашылады

1214

Павлодар облысында тазартылған май зауыты ашылады

Павлодар облысының Успен ауданында Тәуелсіздік мерекесіне орай тазартылған май зауыты ашылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Успен ауданының әкімі Сергей Саламацкий мәлім етті.  

"Аудандағы ірі кәсіпкерлердің бірі "Галицкое" ЖШС басшысы Александр Косицын өз қаражатына тазартылған май шығару зауытын іске қоспақ. Жоспар бойынша өндірісте бір тәулікте 12 мың тонна май шығарылуы тиіс. Жобаның жалпы құны – 120 миллион теңге. Барлық шикізат шаруашылықтың өзінде бар. Сонымен қатар, ауданның басқа да шаруашылықтары майлы дақылдарын осы кәсіпорынға тапсыратын болады", – деді Сергей Саламацкий.  

Бұдан басқа, аудан басшысының айтуынша, Успен минералды суын шығаратын кәсіпорынды іске қосу жоспарда бар.  Сондай-ақ, Ольгино ауылында кәсіпкер Сергей Ремхен "Адыгейский" ірімшігін өндіруді көздеп отыр. Кәсіпкерлік тәулігіне үш мың тонна шикізатты өндеп, 300 келі ірімшік шығара алады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу