Павлодар облысында төрт мешіт заңды тіркеуден алынды

1081

Бұл мешіттер заңды түрде тізімнен шығарылғанымен,  ғибадат ететін орын, намазхана ретінде тіркеледі.

Павлодар облысында төрт мешіт заңды тіркеуден алынды

Павлодар өңірінде ҚМДБ филиалдарының саны азайғаны байқалады. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкәриянов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Егер де бұған дейін 155 мешіт болса, осы айда төртеуі әділет департаментінде заңды тіркеуден алынып тастады, - дейді Дәулет Зәкәриянов. –  Мысалы, Ақтоғай ауданының аудан орталығынан 165 шақырымда орналасқан Шолақсор ауылынан адамдар көшіп кетуде және мешітке келушілердің саны да төмендеген. Сондықтан бүгінгі таңда осы мәселеге қатысты құжаттар әзірленуде".

Басқарма басшысы Аққулы ауданында Қазы және Малыбай, Тереңкөл ауданының Жасқайрат ауылдарында үш мешіттің де тізімнен алынатынын атап өтті.

"Жасқайрат ауылындағы жаңа мешіт 2010 жылы салынған, - дейді Дәулет Зәкәриянов. – Алайда қазіргі күні бұл ауылда 150 адам ғана тұрады. Бұған қоса, имам жоқ. Бұл мешіттер заңды түрде тізімнен шығарылғанымен,  ғибадат ететін орын, намазхана ретінде тіркеледі. Яғни, адамдар келіп жұма назамын оқи алады. Сонымен қатар  мешіт құрылысын салуға ниет білдіріп жатқан бизнесмендер де баршылық екенін атап өткен жөн". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу