Павлодар облысында түйе саны 12 пайызға азайған

1443

Ірі қара мал мен жылқы басы санының ең жоғары үлесі Баянауыл ауданында тіркелді, бұл облыстық көрсеткіштің 15,9 және 20,8 пайызы. 

Павлодар облысында түйе саны 12 пайызға азайған

Павлодар өңірінде 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша түйе саны 12,9%-ға азайған. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің барлық санаттарында жылқы саны өткен жылғы сәйкес  кезеңмен салыстырғанда 10,2 пайызға, ірі қара мал – 4,5 пайызға, құс – 15 пайызға, шошқа – 13,9 пайызға, қой мен ешкі 1,9 пайызға өсті. Ірі қара мал, жылқы басы санының ең жоғары үлесі Баянауыл ауданында тіркелді, бұл облыстық көрсеткіштің 15,9 және 20,8 пайызы. Павлодар қаласына қарасты елдімекендерде шошқа саны – 33,6%, қой мен ешкі Май ауданында – 17,5 пайыз, ал құс саны Шарбақты ауданында – 27,1 пайыз" – деп жазылған хабарламада.

Ауыл шаруашылығы малы негізінен жұртшылық шаруашылықтарында шоғырланған: қой мен ешкі – 67,9%, ірі қара мал – 51,3%. Жылқы басы шаруа немесе фермер қожалықтарындағы және жеке кәсіпкерлерде (жалпы санынан 50,2%), құс басы (жалпы санынан 70,4%) және шошқа (жалпы санынан 60,8%) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында  тіркелген. 2017 жылмен салыстырғанда еттің барлық түрлерін тірідей салмақта өндіру 3,9%-ға көбейді. Сауылған сүт – 3,3%, алынған жұмыртқа 25,7%-ға өсті. Жүн өндірісі 5,4%-ға азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу