Павлодар облысында тұқы балығын аулауға лимит енгізілді

577

Павлодар облысында тұқы балығын аулауға лимит енгізілді

Павлодар облысында тұқы балығын аулауға алғашқы рет лимит енгізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте орман шаруашылығы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Равиль Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Биыл тұқы балығына Кеңес үкіметі кезінен алғашқы рет лимит енгізілді, - деді спикер. –  Осы жылы бес тонна тұқы балығын аулауға ғана рұқсат берілді. Себебі, бұл балықтың түрі азайып келеді. Бұған қоса, бүгінгі күні бірде бір пайдаланушы артемия цисталарын ұстауға рұқсат алған жоқ.  15 маусымға дейін артемия шаяндарын аулауға шектеу қойылған".

Айта кетерлігі, 2018 жылы 41 ащы-тұзды көлдің 11 пайдаланушысына 1300 тонна көлемінде квота бөлінген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу