Павлодар облысында тұрғындар саны артты

511

Өңірде 12 айда 10 648 сәби дүниеге келген.  

Павлодар облысында тұрғындар саны артты Фото: visitkazakhstan.kz

Облыста қала тұрғындарының саны - 532 870, ауыл тұрғындарының саны 222033 адамды құрады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Жақан Жәкенов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 754 903 адамды құраған. Соңғы 12 айда облыста 10648 сәби дүниеге келсе, оның 5508-і ұл, 5140-ы қыз бала.

Жақан Жәкеновтің сөзінше, Павлодар облысына көшіп келгендер саны 6 822 адамды құрады. 5 979-ы Қазақстанның басқа қалаларынан көшіп келген. Оның ішінде 28,1 пайызы - Астана қаласынан, 10,7 пайызы – Абай облысынан, 10,5 пайызы Түркістан облысынан келген. Сондай-ақ басқа елдерден көшіп келген азаматтар саны да аз емес.

Сонымен қатар, былтыр облыстан 11530 адам басқа аймаққа қоныс аударған.

"Павлодар облысынан 2267 адам ТМД елдеріне көшті. Оның ішінде басым бөлігі Ресейді таңдаған. Ал 436 адам әлемнің басқа елдеріне кетті. Оның ішінде 86,7 пайызы Германияға қоныс аударған.  Ал Қазақстаның өзге қалаларына қоныс аударғандар саны 8827 адамды құрады, - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде Павлодар облысында халықтың табиғи өсімі 3100 адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу