Павлодар облысында тұрғыннан 1 тонна балық тәркіленді

514

Аталған факт Май ауданының Карасора көлінде болды.

Павлодар облысында тұрғыннан 1 тонна балық тәркіленді

Полиция бұл адамдардың балық аулауға тиісті құжаттары жоқ екенін, барлық азаматтар Май ауданының полиция бөліміне жеткізілгенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– 21 қыркүйекте сағат 03.00 шамасында 42 және 49 жастағы жүргізушілердің басқаруындағы үш автокөлік анықталып, ұсталды. Тексеру барысында Volkswagen Transporter автокөлігінен 367 келі балық, УАЗ автокөлігінен 370 келі балық, Lexus автокөлігінен 339 келі балық тәркіленді. Тәркіленген мөңке балық тұқымының жалпы салмағы 1 тонна 76 килограммды құрады. Шығынның жалпы көлемі шамамен 2 млн теңге. Бұдан басқа, әрбір автокөліктен балық аулау кезінде пайдалануға тыйым салынған қытайлық резеңке қайықтар мен моно желілер табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Заңсыз балық аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу