Павлодар облысында түрмеге ұялы телефон мен SIM-карта алып кірмек болғандар ұсталды

122

Тыйым салынған заттарды жөнелтушіге қатысты заңға сәйкес тексеру жүргізілуде.    

Павлодар облысында түрмеге ұялы телефон мен SIM-карта алып кірмек болғандар ұсталды Фото: polisia.kz

Павлодар облысы ҚАЖД-ға қарасты №63 түзеу мекемесінде режимдік аумаққа телефон өткізу әрекеті дер кезінде анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бақылау-өткізу пунктінде келген сәлемдемені тексеру барысында инспекторлар стандартты гигиеналық қаптамада жасырылған затқа назар аударды. Толық тексеру кезінде қаптамадан телефон мен SIM-карта табылды.

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша барлық қажетті материал жинақталды.

"ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Бұндай әрекеттер құқық бұзушылық қана емес, жазасын өтеп жатқан адамдардың тәртіпті мінез-құлқы үшін қарастырылған жеңілдіктерінен айырылуына да себеп болады", – деп ескертті ҚАЖ өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу