Павлодар облысында үй-күйсіз жандардың "картасы" дайындалып жатыр

715

Павлодар облысында үй-күйсіз жандардың "картасы" дайындалып жатыр

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында әлеуметтік көмек көрсету мақсатында өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың картасын құрастыруда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Гүлнар Қамалова мәлім етті.

"Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігімен әрі қарай әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы дайындалды, – деді Гүлнар Қамалова – Бұл бағдарлама 2021 жылға дейін жоспарланған және осы уақыт аралығында елімізде әлеуметтік қызмет көрсету қолжетімділігі кеңейтіледі әрі интернат үйлерді тарату жүргізіліп, шағын кешенді ұйымдардың желісі кеңейтіледі, жеке ұсынылатын қызметтерді бағалы қағаздарды ашық нарықта сатып алу жолымен ақша алу енгізіледі".

Гүлнар Қамалованың айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік қызмет көрсету қағидасына өтініш беру артқан. Сондықтан өз жағдайын қиын деп бағалайтындар ғана алады. Ал қолдауға мұқтаж, дегенмен тиісті мекемеге жүгінбегендер әлеуметтік қызметтен қағылады. Бұл ретте, көбінесе жас отбасылар назардан тыс қалады. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының басым бөлігі қалалар мен аудандардың орталықтарында орын алған. Ауылдық аймақтарда 48 пайыз мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады және олар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын ғана алады.

"Ақтоғай, Железин, Ертіс аудандарында үкіметтік емес ұйымдарымен күндіз болатын бөлімшелер ашылған, - деді Гүлнар Қамалова. – Павлодар мен Ақсуда, Екібастұзда, Качир, Баянауыл аудандарында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар. Қалған аудандарда бөлімшелер ашу мәселесін қарастыру қажет".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу