Павлодар облысында үй құстары қырылып жатыр

132

Өңірдегі 4 ауданда қанаттылар жаппай өліп жатқанын мамандар да растады.  

Павлодар облысында үй құстары қырылып жатыр Фото: kaztag.kz

Әзірге нақты себебі белгісіз, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Сондықтан мамандар дезинфекциялық шараларды әлі бастай алмай отыр. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметіне қарағанда қанаттылар жабайы құстарды атуға рұқсат берілгеннен кейін өле бастаған.

"Өткен жұмада ветеринария бойынша референдтік орталықтан мамандар келіп, сол жабайы құстардың да сынамаларын зерттеуге алды. Бірақ әлі күнге дейін нәтижесі келген жоқ. Облыс бойынша өлген құстың саны 1,5 мыңға дейін жетеді", – деп мәлімдеді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ғалым Бейсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу