Павлодар облысында үй өртенді

944

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Павлодар облысында үй өртенді

Павлодар облысы Железин ауданында екі пәтерлік үй жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Сағат 00.26-да Железин ауданының Есқара ауылында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Баян батыр көшесінде газоблоктан қаланған төрт бөлмелі екі пәтерлік үйде 100 шаршы метр жанды. Төбесі құлап түскен. Үйдің иесі 1965 жылғы ер адам", – деді департаменттен. 

Тілсіз жау сағат 6.40-та толығымен сөндірілді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен үш адам мен екі техника шықты. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу