Павлодар облысында үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

1043

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты.

Павлодар облысында үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

Павлодар облысы Успен ауданы Надровка ауылында 5 бөлмелі жеке үй өртеніп, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.

Қызыл жалынды дер кезінде сөндіруге ауа райының қолайсыздығы кедергі болған.

Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, жол жабық болғандықтан техника жедел жете алмапты. Дегенмен өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты.

Ал өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу