Павлодар облысында үш әкімге сөгіс жарияланды

400

Бүгінгі таңда облыс бойынша 14 қауіпті учаске бақылауға алынып, онда 133 адам, 51 бірлік арнайы техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.

Павлодар облысында үш әкімге сөгіс жарияланды Фото: Pixabay.com

Павлодар облысында үш әкімге сөгіс берілді. Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімінің айтуынша, бұған дейін осы мәселені талқылау барысында барлық әкімдерге қарды уақтылы шығару және тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу үшін жеке бастарымен жауапты екендері ескертілген.

Су тасқыны жағдайына ерекше назар аударылғанына қарамастан, бірқатар әкім бұл тапсырманы орындамаған және су тасқынына қарсы қажетті іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізбеген.

"Бүгінгі таңда облыс бойынша 14 қауіпті учаске бақылауға алынып, онда 133 адам, 51 бірлік арнайы техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.
Павлодар мен Тереңкөл аудандарының, сондай-ақ, Ақсу қаласы әкімдерінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп санаймын. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудегі бақылаудың әлсіздігі үшін оларға қатаң сөгіс жарияланды", - деді Асайын Байханов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу