Павлодар облысында үш күн ішінде 2 мыңнан аса құқықбұзушылық анықталды

1123

Облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген.

Павлодар облысында үш күн ішінде 2 мыңнан аса құқықбұзушылық анықталды

22 және 24 тамыз аралығында облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп, үш күн ішінде 2 мыңнан аса құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше өткізілген іс-шараның арқасында бұрын жасалған төрт қылмыс анықталды, іздестірілуде жүрген екі адам ұсталды, тыйым салынған заттарды сақтағаны және алып жүрген үш адам анықталды.

"Жалпы бұл күндері 2270 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деді баспасөз қызметінде. - Оның ішінде 34 адам маскүйде көлік құралын басқарған, 198-і қауіпсіздік белбеуін тақпай көлік көлік жүргізген, 339-ы қоғамдық орындар мен көшелерде  алкоголдік ішімдіктерді ішкен,  153 факті ҚР келу ережесін бұзу бойынша, 183 жүргізуші бекітілген қозғалыс жылдамдығын асырған және 169 ұсақ бұзушылық".

Осылайша, шара барысында полиция қызметкерлері 21-жастағы Павлодар қаласының тұрғын ұстаған. Күдікті Естай көшесіндегі үйдің ауласында  "Тойота Лэнд-Крузер 200" автокөлігінің жолаушы жақ есігінің ашық қалғанын пайдаланып, 70 мың теңгесі бар сөмке мен әмиянды қолды еткен.  

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы – ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу