Павлодар облысында үш медициналық мекеме жекешелендіріледі

1014

Павлодар облысында үш медициналық мекеме жекешелендіріледі

Павлодарда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында үш медициналық мекемені: №1, № 2 емханалар мен облыстық диагностикалық орталықты сенімгерлікке тапсыру мақсатында конкурс жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оразалин мәлім етті.
"Конкурс 5-қыркүйекте жарияланды, - деді Нұрлан Оразалин. – Облыстық диагностикалық орталықтың бастапқы құны - 557 миллион 132 мың теңге, № 1 қалалық аурухананың құны - 224 миллион 711 мың теңге, № 2 емхана – 347 миллион 757 мың теңге. Мұның барлығы науқастардың жағдайын жақсарту мақсатында жасалып отыр. Денсаулық сақтау жүйесінде, емханалар мен стационарларда бірқатар ескертулер мен шағымдар түседі және бұл жағдайдың созылып жатқанына ұзақ уақыт болды. Бүгінгі таңда осы мәселені түбегейлі жою мүмкін емес. Дегенмен жеке меншік емханалардың кейбіреуі 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Көптеген жағдайда тұрғындар сол мекемелерді таңдайды. Емханалардың жеке меншікке өтуі нәтижесінде міндетті медициналық сақтандыруды пайдаланатындар үшін айтарлықтай өзгеріс болмайды".
Спикердің айтуынша, бәсекеге қабілетті ортада өз орнын сақтап қалу үшін емхананы жекешелендіруге алған инвесторға қосымша қаржы салып, қымбат құрал-жабдықтар сатып алуға және ақылы қызметтер тізімін арттыруға тура келеді.
Қазіргі таңда жеке-меншік серіктестік аясында бірқатар келісімшарттар жасалған. Павлодар және Кенжекөл ауылдарының дәрігерлік амбулаториясы, Екібастұз қаласының № 1 емханасы сатып алу құқығынсыз сенімгерлікке тапсырылған. Екібастұз және Павлодар қалалық ауруханаларының ғимараты жөнделіп, Павлодар қаласының № 1 ауруханасында компьютерлік томограф қойылған.
Биыл жеке-меншік серіктестік аясында төрт жоба – "Ақсу орталық ауруханасы" КМК Ақсу кентінің дәрігерлік амбулаториясы, Павлодар қаласының №3 емханасы, Павлодар қаласының №4 емханасы және Екібастұз қаласының №2 емханасы сатып алу құқығынсыз сенімгерлікке тапсыру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу