Павлодар облысында үш миллион гектар егістік жер цифрландырылды

919

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығына қажет жанармайды электронды үйлестіру жүйесі пилоттық режимде жұмыс істеуде.

Павлодар облысында үш миллион гектар егістік жер цифрландырылды

Өңірімізде егістік алқаптарды электрондық форматқа ауыстыру толығымен аяқталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Бұл Павлодар облысы әкімінің халық алдындағы есебі кезінде мәлім болды. Тұрғындар алдында сөйлеген Болат Бақауов  ауыл шаруашылығы саласында атқарылған істерді санамалап, алдағы міндеттерді атап өтті.

"Былтырғы жылы ауыл шаруашылығында 15,3 миллиард теңге сомаға 55 инвестициялық жоба жүзеге асырылды", - деп атады Болат Бақауов. – Ірі жобалардың қатарында 3106 бас малға арналған алты сүтті-тауарлы ферма, алты мал шаруашылығы жайлары, шошқа өсіру кешені, құс фабрикасы, элеватор, көкөніс қоймасы, тоғыз дән қоймасы бар".

 Аграрлық секторда жүзеге асырылған барлық жаңа жобалар ауылдағы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Облыс әкімінің айтуынша, соңғы үш жылда облысқа 3600 бас асыл тұқымды мал жеткізілді, оның жартысы өткен жылы әкелінді.

Осы жылы он мыңға жуық асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлануда. Өсімдік шаруашылығында егістік алқаптарын ұлғайту, егістіктерді диверсификациялау және төрт мыңға жуық суармалы егін алқаптарын енгізу арқылы жақсы астық алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу