Павлодар облысында үздік ауыл әкімі анықталды

1462

Үздік әкім Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында тұрады.  

Павлодар облысында үздік ауыл әкімі анықталды

Павлодар облысында үздік ауыл әкімі анықталды. Конкурсқа жасы бар, тәжірибелісі бар, барлығы 15 ауылдық округтің әкімі қатысты. Арнайы комиссия олардың ішінен үздік бес әкімді іріктеп алды. Осылайша, конкурста Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің әкімі Азамат Медетов топ жарып, үздік шықты.

Мұндай байқау Павлодар облысында биыл алғаш рет ұйымдастырылды. 

44 жасар Азамат Медетов Жалаулы ауылының тумасы. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. Кейін сол ауылдағы мектептің директоры болды. 2011 жылы мемлекеттік қызметке ауысқан.

Жалаулы ауылдық округіне төрт ауыл қарайды. Олар – Жалаулы, Шолақсор, Қарасу және Балатасап елдімекендері. Округте 968 адам тұрады. Округте 1 ЖШС, 42 фермелік шаруашылық, 3 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді.

"Менің жұмыс күнім басым жастыққа тигенде ғана аяқталады. Ал оған дейін ауылдастарымның проблемаларын, ұсыныстарын тыңдауға әзірмін. Менің өмірім осы өңірмен тікелей байланысты. Жалаулы – жұмақ мекенім", – дейді Азамат Медетов.

Еске сала кетейік, Азамат Медетов мемлекеттік қызмет саласындағы ірі байқауда топ жарған алғашқы ақтоғайлық емес. Бұған дейін Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Дидар Ибраев Қазақстаның "Үздік мемлекеттік қызметшісі" атанған болатын. 

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу