Павлодар облысында вирустық инфекция өршіп тұр

277

Емханалардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылып, жедел жәрдем станциясындағы медициналық бригадалар күшейтілді.

Павлодар облысында вирустық инфекция өршіп тұр Фото: canva.com

Павлодар облысында жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандар саны күрт өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күн суыта бастағаннан бері облыста 100 мыңнан астам адам ЖРВИ-дан емделіп үлгерген. Тағы 30 тұмау жағдайы тіркелді.

Инфекцияның өршуі желтоқсанның соңғы онкүндігінде тіркеліп отыр. Соңғы тәулікте 2 мыңнан астам павлодарлық денсаулығына шағымданған.

Көбінде пневмония, бронхит және бронхопневмония диагнозы анықталған және балалар суық тиюден жиі зардап шегіп отыр.

Инфекцияның таралуына байланысты емханаларда жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылып, жедел жәрдем станциясындағы медициналық бригадалар күшейтілді.

"Бұл көбірек атиптіп пневмонияға ұқсайды. Жөтел құрғақ болуы мүмкін. Тексергенде сырыл естілмейді. Сонымен қатар, жоғары температура болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда дене қызуы болмауы мүмкін. Қалай болғанда да пневмония ауа арқылы жұғады. Сондықтан үйде отырып, ем қабылдап, барлық профилактикалық шараларды сақтаған жөн", – дейді Павлодар қаласының №2 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Еңлік Жүсіпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу