Павлодар облысында ыстық су үшін абоненттік төлем заңсыз есептелген

298

Заңбұзушылыққа жол берген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысында ыстық су үшін абоненттік төлем заңсыз есептелген Фото: Pixabay.com

Павлодар облысының прокуратурасы монополистер "Павлодарэнергосбыт" ЖШС мен "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС-нің жазғы уақытта ыстық су болмаған жағдайда абоненттік төлемді алудағы заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Наурыз айында төлемдер қайта есептелді. 

"Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету бойынша қайта есептеулер жүргізілді. Яғни артық шығын наурыз айындағы түбіртектерінде көрсетілетін болады", - делінген хабарламада.

Заңбұзушылыққа жол берген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу