Павлодар облысында аңшылықпен заңсыз айналысқандар ұсталды

89

Көлікті қарап-тексеру кезінде арқардың және бір сайғақтың сойылған еті табылған.  

Павлодар облысында аңшылықпен заңсыз айналысқандар ұсталды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері Май ауданының Қызыл Еңбек ауылынан 3 шақырым қашықтықта рейд жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдымен Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік салонынан тегіс ұңғылы бір оқпанды карабин алынды.

Ал, Subaru Outback автокөлігін тексеру барысында көліктің салонынан чемодандарда  500-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, нарезді бір оқпанды карабиндер және тегіс ұңғылы екі оқпанды мылтық табылып, тәркіленді.

– Заңсыз аңшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәркіленген еттер сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді Павлодар облыстық ПД өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу