Павлодар облысында заңсыз балық аулағандар жазаланды

175

Тексеру барысында көліктен резеңке қайық, 3 қап балық және балық аулау үшін пайдаланылған қолдан жасалған электрлі сүзгіш табылды.

Павлодар облысында заңсыз балық аулағандар жазаланды Фото: polisia.kz

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары Ақсу шағын ауданындағы Ертіс өзенінің жайылмасынан шығып келе жатқан Нива автокөлігін тоқтатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Балық аулау қағидаларын өрескел бұзғаны, сондай-ақ тыйым салынған құралдар мен тәсілдерді пайдаланғаны үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз балық аулау құралы тәркіленіп, автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды, – дейді Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары Максим Кустанов.

Ведомствода атап өткендей, ау мен басқа да тыйым салынған құралдарды пайдалану су биоресурстарына зиян келтіріп, табиғи тепе-теңдікті бұзады және балық қорын сақтауға кедергі келтіреді.

Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу