Железин ауылында рұқсат құжаттарынсыз ішімдік сатқан тұрғын анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, 60 жастағы тұрғын үйінде лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқан.
Полиция қызметкерлері ер адамның заңсыз бизнеспен айналысқанын арнайы рейд барысында анықтаған.
Железин ауданы полиция бөлімінің басшысы Елдос Нұрғалиевтің айтуынша, күдікті "Золотой дракон" маркалы арағын сатқан.
"Осылайша, ол алкоголь өнімін сату талаптарын бұзды. Полицейлер әрбіреуі 0.5 литр болатын 17 бөтелке "Золотой дракон" маркалы арағы тәркіледі", – деді Елдос Нұрғалиев.
Ер адамның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Железин аудандық сотына шешім қабылдау үшін жолданған.
60 жастағы тұрғын 45 945 теңге (15 АЕК, 1 АЕК – 3063 теңге) айыппұл төлейді.