Павлодар облысында заңсыз қару сақтаған тұрғынға айыппұл салынды

513

Ер адамға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.  

Павлодар облысында заңсыз қару сақтаған тұрғынға айыппұл салынды Фото: polisia.kz

Рейдтік іс-шаралар барысында Ертіс ауданының полицейлері 57 жастағы ауыл тұрғынынан ИЖ тіркелмеген тегіс ұңғылы Курков бір ұңғылы мылтығы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген атыс қаруы, зауыттық тәсілмен жасалған және атуға жарамды. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов. 

Ауыл тұрғынының айтуынша, ол мылтықты 2022 жылдың қарашасында мал жаю кезінде тапқан. Аудандық соттың қаулысымен ер адамға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу