Павлодар облысында заңсыз сақталған 11 атыс қаруы тәркіленді

148

Полиция қызметкерлері тұрғындарға атыс қаруын өз еркімен тапсырған азамат заңсыз сақтау дерегі үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

Павлодар облысында заңсыз сақталған 11 атыс қаруы тәркіленді Фото: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын, мал айдау учаскелерін, сондай-ақ автокөліктерді тексеріп, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Іс-шара басталғаннан бері 11 заңсыз сақталған атыс қаруы мен 20 дана оқ-дәрі тәркіленді. Мәселен, Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында ер адамның қолынан қолдан жасалған қалам-пистолет алынды. Ал Павлодар қаласында облыс орталығы тұрғынынан "Reck" тапаншасы тәркіленді. Барлық қарулар бойынша баллистикалық сараптама тағайындалып, оның нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Сонымен қатар заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды ақылы түрде өткізуге ниет білдіргендер кез келген полиция бөліміне өтінішпен жүгіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу