Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды

482

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды Фото: Polisia.kz

Екібастұз қаласының Бәйет ауылында ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын заңсыз салумен айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматтарын “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметі анықтады.

– Еңбек қызметін уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруші де жазаланды, – деді облыстық көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов. 

Павлодар облысының полиция департаменті азаматтардан Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу