Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары анықталды

435

100 шетелдік азамат елде болу ережелерін бұзған. 

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары анықталды Фото: polisia.kz

– Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 138 шетелдік азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 100 ТМД азаматы және көші-қон саласындағы өзге де бұзушылықтар жасаған 38 тұлғаны анықтаған.

Соттарға 71 әкімшілік материал жіберілді. Оларды қарау нәтижелері бойынша 8 азаматқа қатысты оларды елден шығару туралы шешім қабылданды. Полицейлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 8 фактісін анықтады. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 30 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының белгіленген ережелерін сақтауын қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Павлодар қаласы ІІБ қабылдағыш-таратушысына жеке басын анықтау үшін бір азамат қамауға алынды. 20 маусымда полиция қызметкерлері Луначарский көшесі мекенжайындағы салынып жатқан үйде тиісті рұқсатсыз құрылысшы ретінде еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Өзбекстанның төрт азаматы анықталды. Сол күні Естай-Катаев көшесіндегі павильонындардың бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жүрген Өзбекстанның төрт азаматы ұсталды. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Жұмыс берушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу