Павлодар облысында жарты миллионнан астам сайлаушы бар

Олар Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын таңдауға құқылы. 

Павлодар облысында жарты миллионнан астам сайлаушы бар Фото: pavlodarnews.kz

19 наурызда ел көлемінде ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Қазір кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, №23 бірмандаттық сайлау округі бойынша өңірден Мәжіліске 12 кандидат тіркелді. Ал облыстық мәслихаттағы 32 орын мандатты иелену үшін партиялық тізім бойынша 77, бірмандаттық сайлау округі бойынша 71 кандидат тіркеуден өтіп, насихат жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса, қалалық мәслихаттар депутаты атануға барлығы 177, аудандық мәслихаттардағы орынға 353 үміткер таласады. Жалпы, бір депутаттық мандатқа орта есеппен 3 кандидат тіркелді.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраевтың айтуынша, депутаттарды 512 мыңнан астам облыс тұрғыны таңдай алады. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі 3200-ге жуық сайлаушы бар.

"Сайлау учаскелерінің барлығы ғимараттардың бірінші қабатында ашылып, материалдық-техникалық тұрғыдан толығымен қамтылды. Сайлау күні инватаксилер тегін қызмет көрсететін болады. Бұл күні сурдоаудармашыларды тартып, олардың көмегіне жүгіну де жоспарда бар", - дейді Дидар Ибраев.  

Тұрғындар өз сайлау учаскелерін жергілікті әкімдіктердің сайтынан қарап, "109" бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы біле алады. Сонымен қатар, телеграмда "Сайлау учаскесін іздеу сервисі" ашылды.Осы ботқа кез келген адам ЖСН жазса, сайла учаскесі, оның мекенжайы, аталған округтен Мәжіліске, облыстық және аудан-қалалық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар тізімі шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу