Павлодар облысында жарты жылда 424 млн теңгеге жуық қаржы игерілмей қалған

818

2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында Павлодар облысында 423 млн 700 мың теңге игерілмей қалды. Бұған мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік сатып алу туралы заңды толық білмегендігі себеп, деп хабарлайды Atameken Business.

Павлодар облысында жарты жылда 424 млн теңгеге жуық қаржы игерілмей қалған

Осы жұмыспен айналысатын әкімдіктегі шенеуніктер, көп жағдайда техникалық қателерге жол береді. Қала және аудандық әкімдіктерде, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тек бір ғана маман атқарады. Жіберілген қателіктердің кесірінен көптеген тендерлер өтпей қалған. Осыған байланысты аудан орталықтарындағы мемлекеттік сатып алумен айналысатын қызметкерлер санын көбейтіп, олардың біліктілігін арттыратын семинар-тренингтерді  ұйымдастыру қажеттілігі туындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу