"Vita" іздестіру еріктілер жасағының мәлімдеуінше, жоғалған азамат 23 сәуірден бері хабарсыз, деп жазады inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, Естай Солтанбет Болатұлы 1994 жылы 20 қыркүйек күні дүниеге келген.
- Бүгін кешке бізге жоғалған адам туралы хабар келіп түсті. Оқиға Ақтоғай ауданы, Қараой ауылында болған. Естай Солтанбет Болатұлы сол күні қара жасыл нива көлігімен (ресейлік есепте тұрған) балық аулап жүрген таныстарына шатыр жеткізіп беру үшін жолға шыққан, - делінген хабарламада.
Азамат таныстарының қасынан түнгі 12-лер шамасында кеткен. Ал түнгі сағат бірлерде ер адам әйеліне қоңырау шалып, адасып кеткенін және геолокацияны қосуды сұраған. Өкінішке қарай, сол кезде байланыс бірден үзілген.
Ер адамды іздеуге ТЖД, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, туыстары мен достары шыққан.
- Ертең біз де іздеуге шығуды жоспарлап отырмыз. Естай Солтанбет Болатұлының үстінде қоңыр түсті жұмыс киімі, қара спорттық аяқ киім және сұр қалпағы болған, - дейді еріктілер.