Павлодар облысында жасөспірім мектепте бұрыш спрейін шашқан

705

Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. 

Павлодар облысында жасөспірім мектепте бұрыш спрейін шашқан

16 ақпан Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебінде, санитарлық  бөлмеде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде осы мектептің 9-сынып оқушысы анықталды.

Осы факт бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу