Павлодар облысында "жасыл" мәртебесі бар тұрғындар ғана қоғамдық орындарға бара алады

1052

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты.

Павлодар облысында "жасыл" мәртебесі бар тұрғындар ғана қоғамдық орындарға бара алады

Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталар емес. Соңғы үш ай бойы "қызыл" аймақта тұрған өңірде вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Соңғы тәулікте 223 жаңа жағдай тіркелді. Пандемия басталғалы барлығы 50 844 адамнан коронавирустық инфекция анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев инфекция таралуының алдын алу мақсатында жаңа Қаулыға қол қойды. Соған сәйкес, 29 қазан мен 12 қараша аралығында тек "жасыл" түсті мәртебесі азаматтар "Ashyq" жүйесіне қосылған қоғамдық тамақтану орындары, сауда-ойын-сауық орталықтары, театрлар мен кинотеатрлар сынды көпшілік жиналатын мекемелерге бара алады.

Ал бұл жобаға қосылмаған нысандарға кез келген мәртебесі бар тұрғындар кіре алады. Бірақ "Ashyq" жоқ нысандар сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейді. Олардың жұмыс режимі де шектеулі.

Еске сала кетсек, қазір Павлодар облысындағы бұл жүйе 6 830 бизнес нысанында бар. Осы уақытқа дейін 337 нысанға кіруді қалаған 2 мың адамның мәртебесі "қызыл" екені анықталып, олар есіктен кері қайтарылды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу