Павлодар облысында жекешелендірілетін кәсіпорындардың тізімі төрт жылдан бері толықтырылмаған

931

Павлодар облысында жекешелендірілетін кәсіпорындардың тізімі төрт жылдан бері толықтырылмаған

Павлодар облысының әкімдігінде жұма күні Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Болат Бақауов қалалар мен аудандардың әкімдеріне, басқарма басшыларына олардың жұмыстарындағы олқылықтарды көрсетіп, бірқатар тапсырма берді. 

Аймақ басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және жекешелендіру мәселесі бойынша тиісті жұмыс атқармай келеді.

"Жекешелендіруге ұсынылған кәсіпорындардың тізімі 2013 жылы бекітілгеннен кейін мүлдем толықтырылған жоқ. Барлық жұмыс өңір бойынша ғана жүріп жатыр, сырттан бір де бір ірі инвестор келген жоқ. Кей кәсіпорындарға "жабысып алып", оларды сатылымға шығарғыларың келмейді. Біз бұл тәжірибеден алшақтап, мемлекеттің үлесі бар компанияларды жеке бизнеске беруіміз керек", – деді облыс басшысы.

Облыстық қаржы басқармасының мәліметінше, жүзге тарта мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік бойынша жергілікті әкімдіктерге ұсыныстар жіберіліп, олардың 50%-ы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағыты бойынша жүзеге асырылатын болады. Өңірлік экономика басқармасының мәліметіне сүйенсек, жылдың соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік саласында 10 жаңа жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар нысандарды сенімгерлікпен басқаруға беру және сервистік келісімшарт жасау арқылы іске асатын болады.

Сонымен қатар, Болат Бақауов жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды қайта жандандыру тетіктерін қарастыруды тапсырды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу